Қазақстанның Қызыл Кітабы ::: Сырдария тасбекіресі (Pseudoscaphirhynchus fedtschenkoi)

Pseudoscaphirhynchus fedtschenkoi

Сырдария тасбекіресі

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Балықтар (Pisces)
Отряд Бекіретәрізділер (Acipenseriformes)
Тұқымдас Бекірелер (Acipenseridae)
Туыс Тасбекірелер (Pseudoscaphirhynchus)
Түрдің авторы Kessler
Информация
Қысқаша сипаттамасы Құрып бітудің қарсаңындағы немесе тіптен құрып біткен, өте сирек кездесетін эндемикті тур. Бұрын Сырдария су алқабын Қарадариядан сағасына дейін мекендеген. Қазақстанда әрқашанда сирек болатын, ал соңғы 25 жылдан оса уақытта, Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді. 1980-шы жылдарғы ол туралы хабарлар нақтылы деректермен бекілмеген. Нашар зерттелген. Ұзындығы, құрық желісінсіз, 27 см жетеді; қолдан өсірілмеген. Осы түрдің сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып, геномын сақтап, қолдан өсірудің биотехникасын жолға қою керек.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.